Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов оқу жылының 31 мамырға дейін ұзартылу себебін түсіндірді

Опубликовано:

Оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылды
Көрнекі фото: Pexels.com

Бүгінгі үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының 31 мамырға дейін ұзартылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл оқушыларға түсетін салмақты азайтады.

Сонымен қатар 1,5 миллион бала 5 күндік оқу аптасына ауыстырылады. Сонда оларда қосымша 36 демалыс күні пайда болады. Бұл демалысты балалар ата-аналарымен бірге уақыт өткізу, түрлі секция, саябаққа бару секілді өз қалауларынша жұмсай алады.

"Биыл 100-ден астам мектеп үш ауысымда жұмыс істейді деген қауіп болған, бірақ қабылданған шешімге орай олар екі ауысымда жұмысын жалғастыратын болды. Одан кейін бізде 1,5 миллионнан астам бала түстен кейін, яғни екінші ауысымда оқып жатыр. Қабылданған шешім негізінде оқу жүктемесі азайған соң бізде кабинеттер де босап, екінші ауысымда оқитын 300 мың бала бірінші ауысымға ауысады.

Бұл ата-аналар үшін де өте маңызды. 150 мың мұғалім де бос күндерді өз қалауы бойынша пайдалана алады", – дейді министр.

Асхат Аймағамбетов мұндай жаңашылдық білім сапасына әсер етпейтінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мектептердегі оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылатыны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983352-aimagambetov-oqu-zylynyn-31-mamyrga-deiin-uzartylu-sebebin-tusindirdi/

pixel