jitsu gif

Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылады

Оқушылар
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің мектептерінде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылып, 35-36 аптаға созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде болған аппарат жиналысында айтылды, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Ведомство сайтындағы мәліметке сәйкес, жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды.

Осылайша, Қазақстанда мектеп оқушыларының каникул кестесі келесідей болады:

күзгі каникул – 2022 жылғы 31 қазан - 6 қараша аралығы (7 күн);

қысқы каникул – 2022 жылғы 31 желтоқсан - 2023 жылғы 8 қаңтар (9 күн);

көктемгі каникул – 2023 жылғы 18 наурыз - 26 наурыз (9 күн);

бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар – 2023 жылғы 6 ақпан - 12 ақпан (7 күн);

жазғы каникул – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін (үш ай).

Айта кету керек, оқу жылын ұзарту туралы заң жобасы "Ашық НПА" порталында талқыланды, ол тамыз айының алғашқы күндеріне дейін жалғасты.

Министрлік бұған дейін сарапшылардың оқу жылын маусымның соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мүмкіндігін қарастыруды бірнеше рет сұрағанын атап өткен. Қазақстандық мектеп оқушылары әлем бойынша ең ұзақ демалатындар қатарында, елімізде каникул күндерінің жалпы саны - 130 күн.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.