Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Жұманғарин қант тапшылығына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин Қазақстандағы қант тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігі қант саласын дамыту жоспарын әзірлеп жатқанын атап өтті.

"Қант проблемасын шешу жер бетінде жатыр. Біз айда өмір сүрмейміз, яғни басқа елдер қант өндіреді, сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі қант саласын дамыту жоспарын дайындауда, бұл дұрыс. Шынымды айтсам, онымен әлі толық таныспадым, жақын арада ол Үкімет отырысында бекітілетін болады", – дейді ол.

Жұманғариннің айтуынша, әлемдік бағаға тәуелді болмау үшін қант қызылшасын өндіру қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары еліміздегі қанттың көтерме сауда нарығына талдау жүргізген еді.

Оған сәйкес, Қазақстандағы қант зауыттарының төртеуінен де заң бұзушылықтар анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983408-zanadan-tagaiyndalgan-ministr-qant-tapsylygyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel