Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде қандай ауа райы күтіледі

Опубликовано:

жауын
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер бүгін, 17 тамыз күні Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, Алматы мен Шымкент тұрғындары үшін күн ашық болады деп болжайды. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін елордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы +19...+21 градус болады. Нұр-Сұлтан тұрғындарына желдің секундына 9-14 метрге дейін күшеюі ескертіледі.

Алматыда бүгін күн ыстық болады: термометр бағаналары +27...+29 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

Шымкент тұрғындарын да жауын-шашынсыз ыстық күн күтіп тұр. Мұнда ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мамандар Қазақстан халқын алдағы күзде қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983486-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-qandai-aua-raiy-kutiledi/

pixel