jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Теміртауда көпқабатты үйдегі жарылысқа байланысты ТЖ режимі жарияланды

Теміртауда газ жарылды
Видеодан кадр: КТК

Күні кеше Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылып, салдарынан 4 пәтердің күл-талқаны шықты. Тағы 16 баспанаға айтарлықтай зақым келді. Осыған байланысты қалада ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жарылыстың күштілігінен көршілес көпқабатты үйдің терезелері сынған. Апат болған 80 пәтерлі үйдің тұрғындары эвакуацияланып, оқиға орнында құтқарушылар мен арнайы комиссия жұмыс істеген.

Орталық газ жүйесіне қосылған үйдегі жарылыс кеше түскі сағат 12 шамасында үшінші қабаттағы бір пәтерде болған. Жарылыстан төрт пәтердің күл-талқаны шығыпты.

"№30 пәтер, ең қатты зақым келген сол пәтер. Жарылыс болған үшінші қабаттағы пәтер мен екінші қабаттағы пәтердің, одан кейін 3 пен 4-тің арасындағы төбе құлаған. Сынған заттар бірінші қабаттың үстінде жатыр. Салдары қатты, сондықтан бұл үйдің екінші подьезінде тұруға болмайды деп есептеймін”, - деді Қарағанды облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Телеарна дерегінше, құтқарушылар үйінді арасынан төрт адамды алып шыққан. Оның үшеуі жеңіл жарақат алса, біреуінің аяғы мен бас сүйегі сынып, ауруханаға жатқызылды. Аталған жайтқа байланысты қалада ТЖ режимі жарияланды.

“Менің қаулыммен төтенше жағдай жарияланды. Қаулыға қол қойдым. Бұл нені білдіреді? Бұл үйдің бюджет есебінен қалпына келтірілетінін білдіреді”, - деді қала әкімі Қайрат Бегімов.

Жарылыс күшінен пәтелерден шашыраған дүние-мүліктің сынығы апат ошағынан 30 метр жердегі көрші үйге дейін жетіп, бес пәтердің терезесін қиратыпты. Киім-кешек атаулы да ағаштың бұтақтарына ілініп қалған.

Апатты подьездегі 16 пәтердің тұрғындары енді туған-туыстарын паналайтын болды. Қалғаны қонақүйге орналастырылмақ. Жергілікті билік тұрғындардың барлығын уақытша баспанаға жатқызамыз деп отыр. Ал подьезді жөндеу немесе бұзу керек екенін арнайы комиссия шешеді. Бұзылып жатса, тұрғындарға баспана беру меселесі қаралады.

Дереккөз: КТК

Теміртауда көпқабатты үйдегі жарылысқа байланысты ТЖ режимі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.