jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жамбыл облысында жеті зейнеткер ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасауды қолға алған

Зейнеткерлер
Видеодан кадр: Хабар 24

Жамбыл облысының Абай ауылында қайырымдылықпен айналысатын жеті зейнеткер тұрады. Мұқтаж жандардың тұрмысын тіктеуіне қол ұшын созған оларға ауыл халқының алғысы зор, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның хабарлауынша, жеті зейнеткер де кезінде әр салада жемісті еңбек еткен жандар.

Ал осы қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды ұйғарған 82 жастағы Шымшық Мәдәлиева 10 баланың анасы. Ол өзі секілді жылы жүректі жандардың басын қосып, осы істі бастаған. 

Қайырымдылықпен айналысып жүрген зейнеткерлердің демеушілері өздерінің балалары, сондай-ақ жергілікті азаматтар. Олар көпбалалы отбасыларға қол ұшын созып, баспана мәселесін де шешуге көмектесіп жүр.

Баспаналы болған тұрғындардың қатарында 11 баланы өмірге әкелген ауыл тұрғыны да бар.

"Үйі жоқ. Содан кейін балам айтты "жартысын мен төлейін, көмектесейік, соған үй алып берейік деп". Үйтіп-бүйтіп, құдайдан жетсін деп, оған да үкіметтің соққан үйін алып бердік", - дейді Шымшық Мәдәлиева.

Одан бөлек зейнеткерлер осыдан 2 жыл бұрын үйі өртеніп кетіп, үш баласымен далада қалған көрші ауылдың мұғаліміне де үйлі болуға жәрдемдескен.

Қайырымдылықпен айналысатын жеті зейнеткердің бірі Күлән Анарбаеваның айтуынша, олар көмекке мұқтаж адамға қолдан келгенше қол ұшын созып жүр.

"Шымшық әпкеміздің алдымызда жүргеніне тәуба қыламыз. Ол кісі бізді шақырады "мына жерде мынадай боп жатыр екен, не істейміз десе", жинала қоямыз. 7 адамбыз. Жағдайымыз керемет болмаса да, ұйымнан қалмаймыз. Әпкенің айтқанын орындаймыз", - дейді Күлән Анарбаева.

Жеті зейнеткер енді аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындамақ. Олар мектеп жасындағы балаларға қажетті құралдарын, киімдерін сатып алып беруді жоспарлап отыр.

Жамбыл облысында жеті зейнеткер ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасауды қолға алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.