Ақтөбелік тұрғын 31 жылдан кейін бауырларымен қауышты
Жарияланған күні:
6 жасқа дейін балалар үйінде өсіп, кейін өзін асырап алған отбасында тәрбиленген ақтөбелік тұрғын 31 жылдан кейін туған бауырлармен қауышты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Айгүлдің айтуынша, ол өте жақсы отбасында, молшылық пен махаббатта тәрбиеленген. Білім алған.
Бірде оны асырап алған анасы жақындарын табуға кеңес берген.
Айгүлдің сөзінше, бар білетіні анасы өзін дүниеге әкелген кезде қайтыс болған. Отбасы Алға ауданы, Ивановка ауылында тұрған.
Бүгінде 31 жасқа келген Айгүл жақындарын іздеп табу үшін ақтөбелік басылымға жүгінген. Материал жарияланған соң Айгүлге бірден оның әпкесі мен ағасы хабарласқан. Олар сол күні кездескен.
"Біз үшеу екенбіз: ағам, әпкем және мен. Анам босану кезінде қайтыс болған, әкем де ерте өмірден озған екен. Алғашында мен қатты толқып, біраз уайымдаған соң кездесуге анам мен күйеуімді ертіп бардым. Бірақ кездесу жақсы өтті.
Ағам екеуміздің келбетіміз ұқсайды. Оның үш баласы бар. Ағам мен әпкем сондай сүйкімді, көпшіл, мені көріп ерекше қуанды. Олар мені бірнеше жылдан бері іздеп жүрген екен. Балалар үйінде мені асырап алғанын айтып, менің жүрегімді ауыртатын шығар деп мен жайлы ешқандай ақпарат бермеген. Бірақ олар сонда да мені іздепті", – дейді Айгүл.
Ағасы мен әпкесі Ақтөбеде Айгүлге өте жақын тұратын болып шықты.
"Бір-бірімізді тапқанымызға қуаныштымын!", – дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984010-aqtobelik-turgyn-31-zyldan-keiin-bauyrlarymen-qauysty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.