Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық қыз Лаоста еңбек құлдығына түскенін айтты: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Опубликовано:

Анель Бермағанбет
Фото: instagram.com/anel.bermaganbet

Қазақстандық Анель Бермағанбетова өз Instagram парақшасында Лаоста еңбек құлдығына түскені туралы жазба жариялады. Қыздың мәлімдемесіне қатысты Қазақстанның Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram арнасы.

Қыздың айтуынша, ол Лаосқа клиенттермен жұмыс істейтін менеджер ретінде барған. Ал жұмысқа орналастыру бойынша келіскен компания өзін инвестицияға арналған платформа ретінде таныстырған. Анель Бермағанбетованың сөзінше, іс жүзінде компанияның алаяқтыққа қатысы бар болып шыққан.

"Қазір төртінші күн Лаоста бөлмеден шықпай отырмын, ешкімді кіргізбедім. Кеше істің басы-қасында жүрген қытайлықпен сөйлесіп, мұндай жағдайда жұмыс істемейтінімді айтуға тырыстым. Ұшаққа шығынымды өтейтінімді, үйге қайтатынымды жеткізгім келді. Ол "Бұл саған келіп-кететін жер емес, бір жылға қалуың керек" деп айтты", - деп жазды ол.

Қыздың мәлімдемесіне қатысты Қазақстан ІІМ пікір білдірді.

“Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабының 1-бөлігі бойынша (Адам ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Оның нәтижесінде анықталған мәліметтерге сәйкес ресми ақпараттар қосымша ұсынылады.

Оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды. Жәбірленушінің ағасымен байланыс орнатылды. Сонымен қатар ҚР консулдығы департаментіне хат жолданды”, - деді министрлікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984139-qazaqstandyq-qyz-laosta-enbek-quldygyna-tuskenin-aitty-iim-qylmystyq-is-qozgady/

pixel