Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Опубликовано:
Елімізде 2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім грантының иегерлері анықталды. Тізім Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми Telegram-каналында жарияланды.
Магистратура бойынша білім гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілген.
Биыл магистратураға 13 мың грант бөлінген. Талапкерлер арасында "Педагогика ғылымдары", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" және "Бизнес, менеджмент және құқық" сияқты салалар жоғары сұранысқа ие болған.
Биылғы грант иегерлерінің толық тізімін Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram каналынан көруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1984480-magistratura-boiynsa-memlekettik-grant-iegerlerinin-tizimi-zariyalandy/