Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш мың адамға көп": Шымкентте бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Опубликовано:

Шымкентте 1 сыныпқа баратын оқушылар саны рекордқа жетті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Биылғы оқу жылында Шымкентте 28 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бұған дейін қалада мұндай көрсеткіш тіркелмеген, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын шымкенттік оқушылардың саны 2021 жылмен салыстырғанда 3 мың адамға көп.

Қаланың бас педагогы Жанат Тәжиеваның айтуынша, мектептердің барлығы дерлік оқу жылына дайын. 16 жаңа мектеп қолданысқа берілмек.

"Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа 28 мың бала қабылданды. Бұл былтырғыдан үш мың оқушыға көп. Сондай-аз, 223 мектептің 218-і аптасына бес рет оқиды. Қалған бес мектеп алты күн білім алады", - дейді Тәжиева.

Айта кетелік, биылдан бастап мектеп оқушылары 31 мамырға дейін сабақ оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

Қазақстандағы мектеп оқушыларының каникул кестесі келесідей болады:

күзгі каникул – 2022 жылғы 31 қазан - 6 қараша аралығы (7 күн);

қысқы каникул – 2022 жылғы 31 желтоқсан - 2023 жылғы 8 қаңтар (9 күн);

көктемгі каникул – 2023 жылғы 18 наурыз - 26 наурыз (9 күн);

бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар – 2023 жылғы 6 ақпан - 12 ақпан (7 күн);

жазғы каникул – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін (үш ай). Тағы да оқыңыздар:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984492-us-myn-adamga-kop-symkentte-birinsi-synypqa-qabyldanatyn-oqusylar-sany-rekordtyq-korsetkiske-zetti/

pixel