jitsu gif

Атырауда мешітте имамның ескертуін елемеген ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

мешіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Атыраудағы мешіттердің біріне келген азаматты бірнеше адам сыртқа шығаруға талпынған видео тарап, ол көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл жайтқа қатысты Атырау селолық округі мешітінің бас имамы Санат Бөлекбайұлы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дін қызметкерінің айтуынша, оқиға 19 тамыз күні Атырау қаласындағы Атырау селолық округінің мешітінде болған.

Мешітте жұма намазы кезінде имам уағыз айтып жатқанда мешіттің тұрақты жамағатының бірі телефонын қарап, уағызды тыңдамай, имамға бағынбай "Бұл не заң?" деп шу шығарған.

"Азаматқа бірнеше рет ескерту жасалды, дегенмен тәртіпке бағынбады. Көнбеген соң жамағатқа ол кісіні сыртқа шығаруына тура келді. 35 жастағы ер адам өз ауылымыздың тұрғыны. Оның теріс ағымның жетегінде жүргені анықталды. Осыған дейін де ол азаматқа имамға бағынбағаны үшін бірнеше рет ескерту жасалған", - дейі Санат Бөлекбайұлы.

Имамның айтуынша, бұл жайттан кейін ауыл тұрғынымен мешіттің наиб имамдары жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде ер адам кінәсін түсініп, жамағаттан кешірім сұраған.

Сондай-ақ Атырау облыстық ПД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, имамның бірнеше ескертуін орындамаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Материал авторы: Әйгерім Сайқын, Атырау облысы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.