Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 17 мыңнан астам адамды алдаған қаржы пирамидаларына қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

сот үкімі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Кеше Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстан бойынша 17 мыңнан астам қазақстандықты сан соқтырып кеткен айыпталушыларға қатысты сот бір жыл бұрын, 2021 жылдың маусым айында басталған. Телеарнаның хабарлауынша, 48 адамға қатысты іс 4 мың томға жеткен. Кеше, 26 тамызда сот қаржы пирамидаларының ұйымдастырушыларын кінәлі деп тапты.

Сондай-ақ сотта пирамидаларға 17 мыңнан астам тұрғын 30 миллиардтай ақша салғаны нақтыланған.

Телеарна хабарлауынша, оларға тек Ақтөбе өңірінің тұрғындары емес өзге 13 аймақтан жәбірленушілер арызданған. Сот осы күмәнді ұйымды құрған Жанболат Есіркеповтен бастап қалғандарына 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге үкім шығарған.

"Есіркепов Жанболатты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оны 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Айыпты 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарға басшылық ету құқынан айырылсын", - делінген сот үкімінде.

Сот залында болған телеарнаның хабарлауынша, үкімді тыңдауға жәбірленушілер аз келкен. Өзге өңірлерде тұратындықтан көпшілігінің Ақтөбеге жетуі қиын болған. Дегенмен, телеарна мәліметінше, сот залында болғандар жазаны құп көріп отыр. Бірақ салған ақшаларын қалай қайтаратынын білмей уайымдайды.

"Алматы қаласынан келіп тұрмын. Ешқандай төлем алған жоқпын. Әрине, келісемін, қайтарады деп үміттенемін. Неге десеңіз, Алматының бәрі үміттеніп отыр", - дейді Жарқын Арынғазина есімді жәбірленуші.

Ал қаржы ұйымдарында қызмет еткен менеджер мамандардың қорғаушылары іс дұрыс қаралмады дегенді алға тартқан. Себебі пирамиданы ұйымдастырғандар мен қарапайым қызметкерлердің ара-жігі ара-жігі ажыратылмаған көрінеді.

"Негізінен азаматтық істен басталу керек еді. Өйткені салымшылар неге сенді? Салымшылар бұл заңды деп сенді. Сол сияқты компанияда жұмыс істеген балалар да сенді. Неге? Өйткені олар egov арқылы тексерген кезде бұлар мемлекеттік тіркеуден өткен компания. Оны мемлекет біліп отырған компания", - дейді адвокат Нұрбибі Есмағанбетова.

Бүгінде сотталушылардың тек үшеуі ғана өз кінәларын жартылай мойындаған. Қалғандары өздерінің де алданғанын айтқан. Сондықтан сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985081-aqtobede-17-mynnan-astam-adamdy-aldagan-qarzy-piramidalaryna-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel