35 градусқа дейін ыстық және жаңбыр: еліміздегі мегаполистерде қандай ауа райы күтіледі
Опубликовано:

Дүйсенбі, 29 тамыз күні Нұрсұлтан мен Шымкентте жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі, ал синоптиктердің болжауынша Алматыда жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Нұр-Сұлтанда термометр бағаны +25...+27 градусқа дейін көтеріледі. Елордада жауын-шашын күтілмейді, ал желдің жылдамдығы секундына 3-тен 8 метрге дейін жетеді.
Алматыда бүгін жаңбыр жауады, бірақ жауын-шашынға қарамастан ауа температурасы +26...+28 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с құрайды.
Шымкентте жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Мұнда ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін көтеріледі. Ал желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге дейін жетуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупіне байланысты ескерту жарияланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985309-35-gradusqa-deiin-ystyq-zane-zanbyr-elimizdegi-megapolisterde-qandai-aua-raiy-kutiledi/