Атырау облысында Каспийдегі қамыс қопасында адасып кеткен ер адам іздестірілуде
Жарияланған күні:
Атырау облысының құтқарушылары Каспий теңізі маңындағы қамыс қопасында адасып кеткен ер адамды іздестіруде. Ер адам полицияға түнде көмек сұрап өзі хабарласқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, түнде полицияның 102 нөміріне ер адам қоңырау шалған. Ол Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс қопасында Дамба ауылдық округінің Пешной түбегінің маңында адасып кеткенін хабарлайды.
Іздеу жұмыстарымен өңірдің ТЖ департаментінің қызметкерлері мен полицейлер айналысуда. Алайда, ер адам әлі табылған жоқ және ол полицияға қоңырау шалған телефон сөніп тұр.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірімнің Қосшыда полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. Айналма жолмен келе жатқан баланы көліктегі әйел байқап қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985350-atyrau-oblysynda-kaspiidegi-qamys-qopasynda-adasyp-ketken-er-adam-izdestirilude/