Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысындағы орман өрті болған жерге тікұшақпен барды

Опубликовано:

Қостанайдағы өрт шыққан орман
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті орнына тікұшақпен барды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, 2 қыркүйек күні сағат 15:10-да Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, Басаман орман шаруашылығы басқармасының аумағында орман алқабынан өрт шыққан.

Өртті сөндіру жұмыстары желдің екпіні мен күннің қатты ыстық болуына ("Қазгидромет" РМК деректері бойынша желдің екпіні 10-12 м/с болса, ауа температурасы +36 градус), шөптің қалың өсуіне және кірме жолдардың болмауына байланысты қиындық туғызуда.

Өрт орнында Новонеженка ауылынан Қазанбасы ауылына қарай 10 шақырым жерде жедел штаб құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары кірді.

Қатты екпінді желдің салдарынан өрт "Семиозерное УЛХ" КММ орман алқабының қылқан жапырақты екпелеріне жайылған.

Бүгін сағат 13:00-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 2000 гектардан асады.

Қостанайдағы өрт шыққан орман
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өрт орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары жетті. Өртті сөндіруге 400-ден астам адам жұмылдырылған.

"ҚТЖ" АҚ үш өрт пойызы, әскери бөлімнің жеке құрамы, ІІМ академиясының курсанттары, ұйымдар мен кәсіпорындардың 15 су тасымалдаушысы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстары Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986040-totense-zagdailar-ministri-qostanai-oblysyndagy-orman-orti-bolgan-zerge-tikusaqpen-bardy/

pixel