Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қостанай облысындағы өрт салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлуді тапсырды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлуді тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өз Facebook парақшасында жазды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қостанай облысындағы өртке тракторшы кінәлі деп танылды

Тоқаевтың баспасөз хатшысы президент премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдағанын хабарлады.

"Барлық мемлекеттік органның жұмысын Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар мемлекет басшысына өртті ауыздықтау және елді мекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр.

Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өртті сөндіру шараларына басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берілді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986063-toqaev-totense-zagdaidyn-saldaryn-zoyu-usin-qazetti-qarazat-boludi-tapsyrdy/