Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы орман өрті ауылдарға қарай жақындап, тұрғындар эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Өртеніп жатқан орман
Оқиға орны. Видеодан кадр: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өртін сөндіруге үш тікұшақ жұмылдырылды. Елді мекендерден адамдар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Ведомство Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.

"3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне, оның ішінде ауа температурасының 36 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуіне байланысты өрт аумағы 3000 гектардан асты", – деп хабарлады ТЖМ.

Аманқарағай және Новонежинка елді мекендерін қорғауға бағытталған күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді. Озерное ауылынан (халық саны 250 адам) және Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам) халықты эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Озерное ауылында 3 тұрғын үйді өрт шарпыды. Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру автомобилі, 8 су тасу машинасы жұмылдырылды.

Калинино ауылынан 228 адам, Лесное ауылынан 363 адам эвакуацияланды. Сағат 17.20-да Аманқарағай ауылындағы мұнай базасына қауіп туындады, оқиға орнында 3 өрт сөндіру автоцистернасы жұмыс істеуде.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орман өрті шыққанын, оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрінің барғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл ретте президенттің баспасөз хатшысына мемлекет басшысының облысқа сапары тоқтатыла ма деген сауал қойылған болатын. Облыстағы өртке қарамастан Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен баратын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986053-qostanai-oblysyndagy-orman-orti-auyldarga-qarai-zalyndap-turgyndar-evakuaciyalandy-video/

pixel