Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында өрттен бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Қостанайдағы өрт
Фото: ТЖМ жедел штабы

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы дерегі бойынша Қостанай облысындағы өрттен бір адам қаза тапты. Бұл жайында Юрий Ильин "Хабар 24" телеарнасындағы брифинг барысында айтты.

"Сағат 00:00 бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы ақпарат болмаған. Бүгін таңертең Аманқарағай елдімекеніндегі үйінділерді тазалау кезінде кісі өлімі дерегі тіркелді. Ол - 1936 жылғы мүгедектігі бар ер адам", - деді ТЖМ басшысы.

Ильин марқұмға учаскелік инспектор эвакуация жөнінде хабарлағанын, бірақ ол бас тартқанын атап өтті. Алдағы уақытта адам өлімі фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, Қостанай облысында өрт сөндіру жұмыстары екі тәулік бойы жалғасып жатыр. Оқиға орнынан 1800 адам эвакуацияланды. ТЖ салдарынан 10 адам түрлі жарақат алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986080-qostanai-oblysynda-ortten-bir-adam-qaza-tapty/

pixel