Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жерде ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің суреті қазақстандықтардың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Жерде ұйықтап жатқан өрт сөндірушілер
Фото: Instagram.com/sko_kz

Әлеуметтік желіде жерде ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің суреті пайда болды. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті фото өрт сөндірушілер өңірдегі дала өрттерін ауыздықтап, демалып жатқан кезде түсірілгенін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған сурет Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.

"Бұл Қостанай облысындағы өртті сөндіргеннен кейін демалып жатқан өрт сөндірушілер", – деп жазылған суреттің астында.

Қазақстандықтарды бұл сурет ерекше тебірентті.

"Мықтысыңдар, өздеріңе сақ болыңдар", "Жарайсыңдар. Нағыз жігіттер. Өз миссияларын орындады", "Әр күні үйден шыққан сайын аман келетіндері белгісіз, басымызды иіп тағзым етеміз", – деп жазған желі қолданушылары өрт сөндірушілерге алғыстарын білдірді.

Бұл суретке Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.

"Иә, кадрлар Қостанай облысында түсірілген", – деп түсіндірді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, облыста бірнеше күннен бері дала өртеніп жатыр. Бір күн бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі елдімекендерге төнген қауіп сейілгенін, енді ашық өрттің жоғын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986596-zerde-uiyqtap-zatqan-ort-sondirusilerdin-sureti-qazaqstandyqtardyn-zuregin-elziretti/

pixel