Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баспанамен көмектесеміз": Облыс әкімі өрттен қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Абай облысының әкімі қаза тапқан қызметкерге көмектесетінін айтты
Абай облысындағы өрт: altyanews.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қызмет барысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына әлеуметтік тұрғыда көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімі тілсіз жаумен күрес жолында қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасымен кездесіп, көңіл айтты. Сондай-ақ өңір басшысы қара жамылған шаңыраққа көмек көрсетілетінін жеткізді.

"Айдос Ерұланұлының жарқын бейнесі жерлестеріміздің жадында мәңгі сақталады. Облыс әкімдігі тарапынан марқұмның отбасына әлеуметтік, баспана жағынан да көмек көрсетіледі",- деді Ұранхаев.

Айта кетелік, өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаев Жарма ауданында орын алған тілсіз жауды сөндіру барысында қаза тапқан еді. 36 жастағы азаматтың артында бес баласы қалды. Ол бұл салада 2019 жылдан бері қызмет етіп келген.

Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986890-baspana-zagynan-komektesemiz-abai-oblysynyn-akimi-ortten-qaza-tapqan-aidos-togyzbaevtyn-otbasyna-konil-aitty/

pixel