Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа теміржол вокзалы салынады: Алматы алдағы жылдары қалай өзгереді

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыны көп орталықты етіп дамыту жоспарлануда. Қалада бес орталық құрылмақшы. Бұл туралы "Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды" бекіту жөніндегі Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім орынбасары Мұхит Әзірбаев 2023 жылдың ортасына дейін 5 жаңа полиорталықтың шеберлік жоспары әзірленетінін айтты.

"Солтүстік" және "Шығыс қақпасы" полиорталықтарының шеберлік жоспары осы жылдың соңына дейін әзірленеді. 2030 жылға қарай полиорталықтардың экономикалық мамандануын ескере отырып, олардың құрылымын қалыптастыруды толық аяқтау жоспарлануда.

Райымбек даңғылынан солтүстікке қарай орналасқан, 2026 жылдың соңына дейін толықтай жаңғырту жоспарланып отырған "Солтүстік" полиорталығы Жетісу және Түрксіб аудандарын ішінара қамтиды және индустриялық аумақтар мен кеңестік кезеңдегі тозығы жеткен және жеке тұрғын үйлері бар аумақтарды қайта дамытуды қамтитын болады.

"Өнеркәсіптік аймақтар мен ескі тұрғын үй қорының орнына кварталды құрылыстың жаңа түрі пайда болады. Яғни қалың көше торлары, скверлер, шағын бизнес үшін белсенді жұмыс ісейтін бірінші қабаттар жұмыс істейді. Мұнда Үлкен Алматы каналы бойында, бұрынғы Зеленстрой, Баум тоғайы аумағында жаңа рекреациялық аймақ пайда болады", – деп хабарлады Әзірбаев.

"Шығыс қақпасы" логистикалық хабқа айналады, өйткені, ол әуежай мен тас жолға жақын орналасқан. Онда LRT станциясы, "Шығыс" автовокзалы, BRT желісі бар ірі көлік-ауысып отыру торабы қоныс тебеді.

"Мұнда көрме – ойын-сауық орталығын, сондай-ақ тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымы бар жаңа рекреациялық аймақты орналастыру жоспарлануда", – деді әкім орынбасары.

"Батыс" полиорталығы индустриалды аймақ аумағын кеңейтуді көздейді, Боралдай кентінде үшінші темір жол вокзалы орналасады. "Сақ қорғандары" паркінің жанында аумағы 90 гектар желілік рекреациялық саябақ, сондай-ақ жаңа жайлы тұрғын кварталдар құрылады.

Осындай перспектива "Оңтүстік-батыс" үшін де қарастырылған.

"Алтын Орда" базарын көтерме-тарату орталығына айналдыру жоспарлануда, "Барлық" базарының орнына "Батыс" автовокзалы, LRT станциясы мен метрополитенді қамтитын ірі мультимодальдық көлік-ауыстыру торабын құру жоспарлануда", – деп мәлімдеді Мұхит Әзірбаев.

Спикердің айтуынша, "Тарихи орталық" орталығында абаттандыру жұмыстары жалғасады және тарихи ғимараттарды қалпына келтіру және жөндеу бағдарламасы қабылданады.

"Мұнда туризм саласы дамиды. Веложолақтар мен веложолдар салу жалғасады, ақылы тұрақ орындары ұлғайтылады",– деп түйіндеді әкім орынбасары.

Бұдан басқа, Алматы ауыр машина жасау зауыты, Киров атындағы зауыт және ТИЗО көшірілетін болды, олардың орны мен ескірген тұрғын үйлердің орнына заманауи үлгідегі кварталды құрылыс, сондай-ақ жаңа іскерлік кластер пайда болады.

Сонымен қатар, Сайын, Момышұлы, Алтынсарин көшелері мен басқа да шағын аудандар бойында променадтар ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987337-zana-temirzol-vokzaly-salynady-almaty-aldagy-zyldary-qalai-ozgeredi/

pixel