Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде нөмірленген масалар туралы жалған видео тарады

Опубликовано:

нөмірленген маса
Видеодан кадр: Instagram/shyndy.kz

Әлеуметтік желіде денесінде 36 санына ұқсас өрнек жазылған бозғылт жасыл түсті жәндіктің видеосы тарады. Бейнежазбаға пікір білдіргендер оны "Билл Гейтстің масасы" деп атаған. Stopfake басылымы ақпаратты жоққа шығарды.

Видеода ер адам масаның қанатын көтеріп, денесіндегі сандарды көрсетеді.

"Міне, қараңыздар. 36 деген нөмір таңбаланыпты", — дейді видеодағы адам.

Бұл ақпаратты Stopfake.kz басылымы тексеріп, оның шындыққа жанастпайтынын анықтады.

Басылым авторларының хабарлауынша, суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен видеода маса емес, күміс қайың бітесі немесе Euceraphis betulae көрсетілгені анықталған. Бозғылт жасыл немесе бозғылт сары түсті жәндіктердің денесінде өрнектерге және сандарға ұқсайтын тұтас және үзік-үзік қара көлденең сызықтар болады. Желіде 38 санына ұқсайтын өрнегі бар осындай бітенің суреті бар.

Авторлардың айтуынша, адамдар жануарлардың түсінен, ерекше бұлттардан сан немесе символды жиі байқайды. Бұл - апофенияның салдары. Бұл кездейсоқ ақпараттан заңдылықтар мен мағынаны көруге бейімділік.

Яғни, бітенің денесіндегі 36 немесе 38 сандары әдейі жазылмаған. Бұл жәндіктердің айырықша түсі мен адам психикасының ерекшеліктері, кездейсоқ және бір-бірімен байланысты емес заттардың мағынасын көруге бейімділігі", - делінген ақпаратта.

Басылым берген мәліметке сенсек, "Билл Гейтстің масалары" бар. Алайда олардың денелерінде реттік нөмірлері және басқа жәндіктерден еш айырмашылығы жоқ.

""Билл Гейтстің масалары" деп филантроп демеушілік ететін арнайы фермаларда өсірілген масаларды атайды. Бұл масаларға Wolbachia бактериясы әдейі жұқтырылады, бұл масалардың сары безгегі, денге безгегі, Зика вирусы және т.б. қауіпті ауруларды тасымалдауына жол бермейді. Осы жобаның арқасында Индонезияда денге безгегі ауруы 77 пайызға төмендеді, ал 2015 жылдан бастап осы диагнозбен ауруханаға жатқан емделушілер саны 86 пайызға азайған", - дейді авторлар.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, басылым нөмірленген масалар туралы видеоны фейк деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987494-aleumettik-zelide-nomirlengen-masalar-turaly-zalgan-video-tarady/

pixel