Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар "Қазақтелеком" АҚ желілеріне қосылуға ынталы

Опубликовано:

"Қазақтелеком" АҚ
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

"Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевтің NUR.KZ порталында биылғы жылдың 25 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында өткен алтыншы интернет-конференциясында "еліміздің ірі байланыс операторы ұсынатын қызметтерге қосылу мүмкіндігі" тақырыбы әдеттегідей үздік тақырып қатарынан көрінді: "Қазақтелеком" басшысы мен компанияның қазіргі және әлеуетті клиенттері арасында өткен бұған дейінгі бес онлайн-диалогында да бұл тақырып барлық сұрақтар арасында ең жоғары үлеске ие болған еді.

Биылғы жылдың ақпан айында өткен интернет-конференция барысында "Қазақтелеком" желілеріне қосылу мүмкіндігі туралы сұрақтар 1700-ге жуық өтініштің шамамен үштен бірін құрады. 2022 жылғы тамыз-қыркүйек айларында бұл тақырыптың үлесі азырақ болды – сұрақтар мен өтініштердің жалпы санының 19%-ы, бірақ соған қарамастан, компания қызметтеріне қосылу "Қазақтелеком" АҚ басқарма басшысының NUR.KZ респонденттерімен байланысының барлық бағыты арасында көшбасшы болып қала береді. Ал қосылу тақырыбына көп тұрғыда ұқсас келетін сұрақтар мен Қазақстандағы ірі байланыс операторының жаңа телекоммуникация желілерін салуға қатысты өтініштерді қоссақ (15%, алтыншы онлайн конференциядағы жалпы өтініштер көлемі бойынша үшінші орын), конференцияларға қатысушылардың дені "Қазақтелеком" қызметін тұтынуға бұрынғыша талпынып жүргені анық бола түседі.

Қуанышбек Есекеев. "Қазақтелеком" АҚ
Қуанышбек Есекеев. Фото: "Қазақтелеком" АҚ
"Қазақстандықтардың тұрғылықты жерлеріне магистральдық желілерді тарту мен желіге қосылу мүмкіндігіне қатысты сауалдардың көптігі біз үшін нарықтағы бәсекеге қабілеттілігімізді көрсететін жақсы жаңалық қана емес, сонымен бірге өзіндік сын-қатер", - деді өткізілген интернет-конференцияны қорытындылай келе Қуанышбек Есекеев. – Өкінішке қарай, әзірге біз үшін өз қызметтерімізді барлық жерде көрсету мүмкін болмауда және белгілі бір елді мекенге, әсіресе ауылдық жерлерге магистралімізді жылдам жеткізу түрлі жағдайларға байланысты мүмкін бола бермейді. Алайда осы жылдан бастап, біз барлығын желіге қосу процесін тездету үшін айтарлықтай күрделі қадамдар жасадық, атап айтқанда, "Ауылдағы цифрлық серіктес" бағдарламасы іске қосылды, оның аясында шағын бизнес ауылдарда жергілікті желілерді құрып, оларды біздің магистральге қосады".

Басқарма төрағасының айтуынша, "Қазақтелеком" нарықтағы өз қызметтеріне сұранысты қысқа мерзімде қанағаттандыру үшін болашақта нарықтағы жеке құрылымдармен осындай өзара іс-қимыл жасауды көздеп отыр. Сонымен қатар компания бүгінде өз қызметі болып табылатын өткен күздегі интернет-конференцияның №2 тақырыбының (сұрақтардың жалпы көлемінің 18%) сапасын арттыруға ден қоюда. Осы мақсатта телеком-оператор қазір ішкі процестерді қайта жандандыруда, олардың кейбірі автоматтандырылып жатыр: бұл қызметтің алғашқы нәтижелерін қазірдің өзінде байқауға болады – мәселен "Қазақтелеком" қызметтеріне қосылу үшін биылғы жылдың басында 4 тәулікке дейін уақыт кетсе, бүгінде компания бұл қызметке 32 сағат қана кетіреді. Ал осы жылдың соңына дейін компания "Қазақтелекомның" жаңа клиентінің пәтерінде немесе кеңсесінде интернет қосу үшін 24 сағат жұмсайтын болады.

"Қазақтелеком" АҚ
Фото: "Қазақтелеком" АҚ
"Біз ұсынып отырған қызметтеріміздің сапасын арттыру үшін көп жұмыс істеп жатырмыз және көптеген кедергіні өз күшімізбен анықтаудамыз", - дейді Есекеев мырза. – Сонымен бірге бізге кері байланыс қажет, оның көмегімен біз әлдеқайда көп мәселеге ден қойып, шешімін таба аламыз, осылайша тұтынушыларға не қажет екенін, неліктен оларда сұрақтар немесе жұмысымыздың белгілі бір форматтарына қанағаттанбау туындағанын түсінуге болады. Сондықтан сыни пікірлерін білдіріп, фактілермен дәлелдейтін NUR.KZ респонденттеріне алғыс айтамын – олар біздің көрсеткішті жақсартуға көмектеседі. Сонау 2020 жылы пікір алмасу алаңы ретінде Қазақстандағы ең танымал интернет-басылымдардың бірі NUR.KZ сайтын таңдағанымыз бекер емес, өйткені біз қоғамдық пікірді барынша білгіміз келді. Біздің компанияда NPS сияқты көрсеткіш, яғни абоненттердің компаниямыздың тауарлары, жұмыстары мен қызметтерін қайта сатып алуға дайындығы 38%-дан 55%-ға дейін артқаны, сонымен қатар осы алаңда көзбе-көз әңімелесуге және конференцияға қатысушылардың ұсынысы бойынша қателермен жұмысымыздың тиімділігіне байланысты деген пікірдеміз".
"Қазақтелеком" АҚ
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Сондай-ақ айта кетсек, "Қазақтелекомның" тарифтері мен абоненттердің компания төлемдерімен келіспеушіліктері сияқты бағыттарда дәстүрлі түрде ең аз өтініш – сәйкесінше 7% және 4% жиналған. Өтініштердің тағы 12%-ы қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар төңірегінде болды, бірақ олардың дені компания енгізген онлайн-құралдар арқылы өзара әрекеттесуге қатысты болып отыр: біріншіден, бұл өнімдердің компания тарапынан жақсартылуы жалғасын табуда, екіншіден, олардың іске қосылғанына көп уақыт болған жоқ – уақыт өте келе оларды қолдану абоненттердің көпшілігі үшін әдетке айналғанда, бұл тақырып бойынша өтініштер саны сөзсіз азаяды, деп санайды "Қазақтелекомда". Осы ретте айта кететін жайт, қазіргі интернет-конференцияға небәрі 198 адам қатысты – ал ақпан айында "Қазақтелеком" басшысына сауалдар әлдеқайда көп болатын, шамамен 1700-ге жуық, Қуанышбек Есекеев бұл көрсеткіштің азаюын оң үдеріс деп біледі.

"Өз басым мұндай көрсеткішті көптеген проблемалық мәселені жойғанымыздың дәлелі ретінде қабылдаймын, қызметтеріміздің сапасы тұтынушылардың көпшілігін қанағаттандырады және бүкіл ел бойынша магистральдік желінің кеңеюі бізге халықтың басым бөлігін қызметтерімізбен қамтуға мүмкіндік береді, - дейді "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы. - Бірақ бұл мінсіздікке қол жеткіздік деп тоқмейілсігенімізді білдірмейді – бізге, мәселен өтініштердің басым бөлігі, 28%-ы, яғни үштен біріне жуығы Алматы облысынан түскені талдау жүргізудің қажет екенін аңдататын сигнал болып табылады. Бұл аталған өңірдегі және өтініштердің 24%-ын қамтитын Орталық Қазақстандағы, сондай-ақ, 21%-ын қамтитын оңтүстік өңірлердегі қызметімізді мұқият қарастыру керек деген сөз. Сондықтан соңғы интернет-конференция, тіпті аудитория азайса да, біз үшін өте пайдалы әрі ішкі талдау үшін жақсы негіз бола алды".
"Қазақтелеком" АҚ
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Сондай-ақ оның айтуынша, өтініштердің 75% компанияның Бөлшек Бизнес Дивизионының жауапкершілігіне қатысты болуы ішкі талдаулар мен түзетулер енгізуге жақсы көмек болды. Бұл "Қазақтелекомның" дәл осы құрылымдық бөлімшесінің қызметінде белгілі бір түзетулер қажет екенін анық көрсетеді. Соңында компания басшысы дәстүрлі түрде респонденттерімізге алғысын білдіріп, интернет-конференциялар алдағы уақытта да жалғасын табатынын алға тартты.

"Елдегі ең танымал интернет-ресурстардың бірінің барлық оқырманын сіздер көтерген проблемаларды жою үшін барымызды салатынымызға сендіргім келеді. 2023 жылдың басына жоспарлап отырған келесі конференцияда бұл мәселелер шешімін табады деп сенемін, - деді Қуанышбек Есекеев, – Сонымен қатар біздің компанияның желіні және өнім желісін кеңейту бойынша үлкен жоспарлары бар екенін атап өткім келеді, сондықтан келесі конференция респонденттердің көп бөлігін жинайды деп ойлаймын. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз бірде-бір сұрақты немесе өтінішті жауапсыз қалдырмаймыз, сондықтан NUR.KZ порталының оқырмандарымен осы дәстүрлі алаңдағы келесі кездесуімізді асыға күтемін".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987760-qazaqstandyqtar-qazaqtelekom-aq-zelilerine-qosyluga-yntaly/

pixel