Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы өрт: орман шаруашылығы мекемесінің басшысы ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысында болған табиғи өрттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сайты хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 13 қыркүйек күні "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша (Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сол күні КММ басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"15 қыркүйек күні сот мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Тергеу жалғасып жатыр. Қадағалау органындағы тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Естеріңізге салайық, өрт 2 қыркүйек күні түс ауа Әулиекөл ауданына қарасты Басаман және Жетісу орман шаруашылығы басқармаларының аумағында басталған еді. Өрт елді мекендерге таралды. Тілсіз жау тек 10 қыркүйекте ғана ауыздықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987935-qostanai-oblysyndagy-ort-orman-saruasylygy-mekemesinin-bassysy-ustaldy/

pixel