Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы табиғи өрт толықтай сөндірілді

Опубликовано:

Қостанай облысындағы өрт
Фото/Оқиға орнынан: NUR.KZ

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті толықтай сөндірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 10 қыркүйек сағат 10:00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті толықтай сөндірілді.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек сағат 15:10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген болатын.

Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Екі елді мекендегі 91 тұрғын үй жанып кетті.

"Эвакуацияланғандар үйлеріне оралды, қалғандары туыстарында қалды. Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам эвакуациялан болатын", - делінген хабарламада.

Жедел штаб жұмысы басталғаннан бері ТЖМ жедел желісіне 38 қоңырау келіп түскен.

87 азаматқа консультациялық-психологиялық көмек көрсетілді, 45 баламен топтық психологиялық жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар ведомство тікұшақтар әуеден 327 рет су шашқанын жеткізді.

Өртті сөндіруге 1 785 адам және 207 бірлік техникадан құрылған күштер және құралдар жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987129-qostanai-oblysyndagy-tabigi-ort-tolyqtai-sondirildi/

pixel