Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша сотталған ер адам өзін ақтауды сұрады

Опубликовано:

Үкім
Сот үкімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Грузияда көз жұмған қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша сотталған ер адам соттан өзін ақтауды сұрады. Бұл туралы елордалық соттың ресми сайтындағы хабарламада айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2 тамыздағы үкімімен Мұрат Мейірбеков адамдар тобымен абайсызда жәбірленуші Айтпаеваның өліміне әкеп соқтырған зорлау және адам саудасы бойынша кінәлі деп танылды.

Мейірбеков 15 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ сотталушы мен оның адвокаты сот үкімі бойынша одан жоғары сатыдағы инстанцияға шағымданды. Олар ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Алайда сотталушы мен оның адвокатының шағымы қанағаттандырылмады.

"Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен М.-нің тағылған айып бойынша кінәсі дәлелденуіне байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Үкім заңды күшіне енді", - делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар сот іске қатысты кейбір деректерді бөлісті.

Соттың мәліметінше, Мейірбеков Әсел Айтпаеваға Грузиядан айына 500 доллар жалақысы бар жұмыс ұсынған және Әселдің Қазақстаннан Грузияға ұшып келуіне жағдай жасаған. Алайда пәтерінде қыздың ұйқылы-ояу күйін пайдаланып, оны зорлаған.

Осыдан кейін ер адам пайда табу және қызметіне қамқор болған Б. есімді Грузия азаматының өзіне оң көзқарас танытуы мақсатында әрі қарай "сексуалдық мақсатта пайдалану" үшін оған Әсел Айтпаеваны табыстаған.

"Кейін жәбірленуші А. өзіне қатысты зорлық-зомбылықты одан әрі болдырмас үшін үйдің 9-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секіріп, сол жерде қайтыс болған", - деп қорытындылады сот.

Еске сала кетейік, былтыр мамыр айында 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузия астанасындағы тұрғын үйдің терезесінің тұсынан өлі күйінде табылған болатын. Кейін Әсел құлап кеткен пәтердің иесі, Грузияның 57 жастағы азаматы Бесик Тордуа ұсталды.

Алайда шілде айында ер адам тергеу абақтысында қайтыс болды. Оған қазақстандық қызды зорлап, өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айып тағылды.

Кейінірек Әселді Грузияға жұмысқа шақырған туысы қазақстандық Мұрат Мейірбеков қамауға алынды. Оған да зорлау бойынша, ал Қазақстанда адам саудасы бойынша айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988699-asel-aitpaevanyn-olimine-qatysty-is-boiynsa-sottalgan-er-adam-ozin-aqtaudy-surady/

pixel