Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер комитеті: соңғы күндері Ресейден Қазақстанға көлік ағыны 20 пайызға артты

Опубликовано:

Көліктердің ұзын-сонар кезегі
Көліктердің ұзын-сонар кезегі. Фото: Pixabay.com

Соңғы күндері Қазақстанға Ресейден келетін автокөліктер саны артқан. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 21 қыркүйектен бастап Ресейден Қазақстанға келетін жеңіл автокөлік құралдарының ағыны 20 пайызға артқан.

"Осыған байланысты Қазақстанға кіру кезінде Ресей Федерациясымен шекарадағы кейбір өткізу бекеттерінде жеңіл автокөлік құралдарының көптеп жиналуы байқалауда. Әсіресе, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында", – делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, елде ішінара мобилизация жариялады.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Қазақстан-Ресей шекарасында ұзын-сонар тізіліп тұрған көліктердің фото-видеосы пайда болды.

Одан бөлек желіде Мәскеу-Алматы бағыты бойынша әуе билеттерінің күрт қымбаттағаны туралы да ақпарат тарады.

23 қыркүйекте еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдіріп, Қазақстанға кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989300-memlekettik-kirister-komiteti-songy-kunderi-reseiden-qazaqstanga-kolik-agyny-20-paiyzga-osti/

pixel