jitsu gif

24 қыркүйекте Ақтөбеде Елек өзені үстінен өтетін көпір ашылады

Ералы Тоғжанов
Өңір әкімі жөндеу жұмыстарымен танысты. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

24 қыркүйекте Ақтөбеде Елек өзені үстінен өтетін көпір ашылады. Көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер облыс әкімі Ералы Тоғжановқа осылай деді.

22 қыркүйекте Елек өзені үстінен өтетін көпір уақытша жөндеуге жабылып, көліктер Сүт зауыты шағын ауданындағы айналма жол арқылы жүріп жатқан болатын. 

Бүгін көпірдегі жөндеу жұмысының барысын Ералы Тоғжановтың өзі барып көрді. Қала әкімі Асхат Шахаров пен мердігерге таңға дейін көпір үстін толық тазалап, жол үсті сызбаларын жасап, таңда ашуды тапсырды. 

жол жөндеу
Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстарын жасап жатқан қызметкерлер. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Айта кетейік, бұл ағымдағы жөндеу болғандықтан көпір үстіндегі шұңқырлар бітелді. 200 метр жерді жөндеуге арнайы техникалар мен 15 адам жұмылдырылған болатын. Жолшылар күндіз-түні еңбек етті. 

жол жөндеу
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Күзгі құбылмалы ауа райына байланысты жолды толығымен күрделі жөндеу мүмкін емес. Жүк көліктері көп қатынайтын маңызы бар жол болғандықтан, көпірді ұзақ уақытқа жабу жол қозғалысына кері әсерін тигізеді.

Жол жөндеу
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Келесі жылы аталмыш жол толығымен мердігер ұйыммен кепілдік міндеттемелер шеңберінде күрделі жөндеуден өтеді.

24 қыркүйекте Ақтөбеде Елек өзені үстінен өтетін көпір ашылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.