Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында Көкшетау тауынан өрт шықты

Опубликовано:

Көкшетау тау
Көкшетау тауы. Фото: burabayresort.kz

Ақмола облысында Көкшетау тауының 800 метр биіктіктігінде өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті және "Бурабай" МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды. Олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.

Сондай-ақ өрт сөндіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.

"25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне "Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері белгіленіп жатыр.

Өртті жоюға Ақмола облысының төтенше жағдайлар депаратменті және "Бурабай" МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989473-aqmola-oblysynda-koksetau-tauynan-ort-syqty/

pixel