"Алматы марафонының" қайтыс болған қатысушысы "Samruk Energy" және QazaqGaz компаниясының директоры болып шықты

Опубликовано:

Рүстем Садықов
Рүстем Садықов. Фото: t.me/samrukazynaofficial

Бүгін "Алматы марафонында" қайтыс болған қатысушының кім екені белгілі болды. Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткен соң, сұлап түскен, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рүстем Садықов 47 жаста болған.

Ведомства мәліметінше, ол "Самұрық Энерго" және QazaqGaz компанияларының тәуелсіз директоры болған.

"Рүстем Ғалымұлы - табысты еңбек жолы бар білімі жоғары, кәбіи білікті маман. Халықаралық компанияларда жұмыс істеген. Тәжірибесі мол. Ол сенімді көшбасшы әрі адал қызметкер болып әріптестерінің мәңгі есінде қалады. Орны ойсырап, бізге үнемі білініп тұрары анық. Иманды болсын", - деді "Самұрық-Қазына" қоры.

Айта кетейік, бүгін Алматыда өткен марафонда 47 жастағы жүгірушінің қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ол осы марафон үшін Астана қаласынан Алматыға арнайы келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989501-almaty-marafonynyn-qaitys-bolgan-qatysusysy-samruk-energy-zane-qazaqgaz-kompaniyasynyn-direktory-bolyp-syqty/