Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы марафонының қатысушысы мәреге жеткеннен кейін қайтыс болды

Опубликовано:

Марафон қатысушылары
Марафон қатысушылары. Фото: pixabay.com

Бүгін, 25 қыркүйекте оңтүстік астанада өтіп жатқан Алматы марафонының 47 жастағы қатысушысы мәреге жетіп қайтыс болды, деп хабарлайды "Алматы марафон" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы марафон" мәліметінше, ер адам 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өткен.

Мәре сызығында кезекшілікте болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, қатысушы Республика алаңында мәре сызығын әрең кесіп үлгеріп, бірден құлаған.

"Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Еріктілер алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Кейін жедел жәрдем стансасының қызметкерлерімен бірлесіп жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Алғашында жүрек жұмыс істей бастады, синусты ырғақ пайда болды. 2 минуттан кейін жүрегі тағы тоқтады. Құтқару шаралары 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдемде ішінде жүзеге асырылды", - деді Сахов.

Өкінішке орай, жүгірушінің өмірін құтқару мүмкін болмаған.

Ер адамның қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол жүгіру шарасына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол өткен сәуірде Алматы жартылай марафонына 10 шақырымдық қашықтыққа қатысты.

"Байқауды ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Рүстем Астанадан марафонға қатысу үшін арнайы келген. Енді оның денесін туған жеріне жеткізу үшін қаржылай көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989490-almaty-marafonynyn-qatysusysy-marege-zetkennen-keiin-qaitys-boldy/

pixel