Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тегін баспана, тамақ: Оралға келген ресейліктерді қазақстандықтар қалай қарсы алуда (видео)

Опубликовано:

Ресейліктер
Қазақстанға келген ресейліктерге тұрғындар көмек көрсетті. Видеодан кадр: YouTube.com/Down Up

Орал тұрғындары қалаға келген ресейліктерді құшақ жая қарсы алып жатыр. Олар қонақтарға тегін баспана ұсынып, азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Ал жергілікті кинотеатр мобилизациядан қашқан көрші ел азаматтарына үлкен залға түнеп шығуға рұқсат берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көмек көрсетіп жатқан қазақстандықтардың видеосы Ксения Собчактың "Кровавая барыня" Telegram арнасында жарияланған.

Онда қазақстандықтардың "босқындарға" қонақжайлық танытып, қарсы алып жатқаны көрсетілген. Тұрғындар көліктерінен ыстық тамақ, су таратуда. Вокзалдан шыға берісте де тегін су қойылған.

Арнаның хабарлауынша, тұрғындардың кейбірі SIM-карта берсе, біреулер үйінде түнеуге рұқсат етуде.

"Дегенмен, барлығына жатын орын табыла бермейді, келушілер санының көптігі сонша, қала мешіттері де оларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді", - деп жазады парақша.

Сондай-ақ сенбі күні кешке жергілікті сауда орталығында орналасқан Cinema Park кинотеатры Instagram парақшасында Ресейден келушілерге кинотеатрда түнеуді ұсынатынын мәлім етті.

Кинотеатр әкімшілігі қалада жалдамалы пәтер құны шарықтап кеткенін атап өткен, сондықтан олар ресейліктерді кинозалға орналастыру туралы шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, Матвей есімді ерікті сұхбат беріп, қаладағы қазіргі жағдай туралы айтты.

Оның айтуынша, қалаға 18 мыңға жуық адам тоқтаған.

"Бізде үш бақылау-өткізу бекеті бар. Онда кезек үлкен, адамдар жаяу, біреулер самокатпен жүр. Жаяу жүргіншілерге өтуге тыйым салынады, тек көлікпен өтуге рұқсат. Кейбіреулер осы жағдайды пайдаланып, ақша табуда. Негізінен көпшілігі келушілерге түсіністікпен қарайды. Кеше 15 көлік болды. Олар тегін тасымалдауға келіскен, бірақ адамдардың қорқатыны сонша, тегін нәрсеге сенбейді", - дейді жас жігіт.

Оның айтуынша, тұрғындар келушілерді өз пәтерлеріне орналастыруда, ал кейбірі саяжайларында тегін тұруға ұсыныс білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989554-tegin-baspana-tamaq-oralga-kelgen-reseilikterdi-qazaqstandyqtar-qalai-qarsy-aluda-video/

pixel