Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға келген ресейліктер қандай жағдайды бастан кешкенін айтты

Опубликовано:

ХҚКО
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО кешеден бері Ресей азаматтарын күшейтілген тәртіпте қабылдауда. Көрші ел азаматтары мұнда ЖСН алуға ағылуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соған қарамастан келушілерге жылдам қызмет көрсетілуде. Кезекте тұрған ресейліктер бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасқан.

Ресейден келушілердің дені жастар. Барлығының қолында қызыл төлқұжат бар. Тілшіге өз елдеріндегі қазіргі жағдай туралы және Қазақстанға шұғыл көшу шешімі туралы айтуға келіскен ресейліктер аты-жөнін атамауды өтінген.

Олар суретке түсуден де бас тартқан. Шетел азаматтары оның болашақта өздеріне зардабы тиетінін айтқан.

ХҚКО
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жігіттердің сөзінше, Ресей билігінің өтініші бойынша Қазақстан оларды экстрадициялауы да мүмкін.

Өзін Иван деп атаған ресейлік азамат Челябі қаласынан келген. Ол Қазақстанға Қостанай арқылы өткен. Өз қаласынан Қостанайға тұрақты автобус жүретінін айтады. Одан кейін Астанаға пойыз арқылы, ал Алматыға автокөлікпен жеткен. Ол оңтүстік астананы таңдаған. өйткені мұнда алыс туыстары мен таныстары бар.

ХҚКО
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Александр есімді жігіт Сібірден келген. 40 жастағы Ресей азаматы да басқалар сияқты сол күні жиналып, Қазақстанға келген. Ол Алматыда бұрын болғанын айтады.

"Бұл жерде көп нәрсе түсінікті, сосын қала әдемі. Сонымен қатар Қазақстан бізге жақын, сондықтан бір күнде көп ақша жұмсамай қашып кетуге мүмкіндік болды: пойыз билеті шамамен 5 мың рубль шықты (40 мыңнан астам теңге - ред.) Бұл шынымен де арзан, себебі жігіттер ұшақпен ұшуға тырысты, онда билет бағасы 5-10 есе жоғары", - деп бөлісті ол.

Александр IT саласында жұмыс істеген және әлі де өз еліндегі жұмыс орнында қашықтан жұмыс істеуге үміттенеді. Ресейде оның әйелі мен балалары қалды. Одан әрі не істейтінін әлі білмейтінін айтады.

ХҚКО
Ресей азаматтары ХҚКО-да құжат рәсімдеуде. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ал Самсон есімді Ресей азаматы Новосібірден келген.

"Әйеліммен шұғыл түрде жиналып, кетіп қалдық. Жыл басында біз кетуді ойлаған жоқпыз: бәрі өткінші деп ойладық. Бірақ 21 қыркүйектен кейін біз бұдан әрі күтудің мәні жоқ екенін және шұғыл шешім қабылдау керек екенін түсіндік. Бір күнде шешім қабылдадық.

Достарымыздың көлікпен кетіп бара жатқаны абырой болды, оларда екі бос орын бар екен. Қиын психологиялық жағдай екен. Мен психологиялық тұрғыдан өзімді мықты деп ойлайтынмын, бірақ олай емес екен. Сондықтан әйеліммен бірге кетуді ұйғардық. Өзім сыртқы экономикалық қызметпен айналысамын, әйелім штаттан тыс дизайнер, бізде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар", - дейді Самсон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989895-almatyga-kelgen-reseilikter-qandai-zagdaidy-bastan-keskenin-aitty/

pixel