Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған ер адам арықтың жанынан табылды

Опубликовано:

Ер адам шөптің үстінде жатыр
Ер адам шөптің үстінде жатыр. Көрнекі фото: Pexels.com

Шымкентте із-түзсіз жоғалған ер адам Түркістан облысындағы егістік алқаптағы арықтың жанынан табылды. Жас жігіттің жағдайы нашар болған. Толығырақ облыстық полиция департаментінде айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

25 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында Сайрам ауданының тұрғыны учаскелік инспекторға жүгінеді. Ол арықтың жанында белгісіз ер адамның жатқанын айтқан.

Тәртіп сақшысы аталған бағытта жолға шығады. Сол жерде ол жағдайы нашар жатқан жас жігітті табады. Полицей оны тамақтандырып, оның кім екенін, қайдан келгенін сұрағанымен, жігіт ештеңені анық түсіндіре алмаған.

Содан кейін қызметкер жедел жәрдем шақырып, онымен бірге ауруханаға барады.

Жеке басын анықтау үшін учаскелік инспектор әлеуметтік желі арқылы ақпарат іздей бастайды. Сөйтіп, ол ер адамды шымкенттік туыстарының іздеп жатқанын білді. Көрсетілген нөмірлер бойынша полиция қызметкері оның туыстарын тауып, отбасына қайтарды.

Денсаулығына байланысты жоғалған азаматтың анасы ұлының 12 қыркүйекте үйден шығып кеткен бойда оралмағанын айтты. Келесі күні ол Шымкент полициясына жүгінген. Туыстарының өзі жас жігітті іздеп көргенімен нәтиже болмады. Жас жігіттің анасы тәртіп сақшысына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990028-turkistan-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-er-adam-aryqtyn-zanynan-tabyldy/

pixel