Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тағы қандай істер бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты

Опубликовано:

Ер адамның қолына кісен салуда
Ер адамның қолына кісен салуда. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев мәжіліс кулуарында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әсет Шыңдалиев Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша таяуда өткен сот отырысында тек "Қазақтелеком" және "Көліктік сервис орталығына" қатысты істер қаралғанын атап өтті.

"Қазір басқа істер тергеу сатысында. Экономикалық мәселелер бойынша қаралуда. Сондай-ақ салық, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа қатысты және басқа да бірқатар іс бар", – деп қосты ол.

Сонымен қатар журналистер Бас прокуратура өкілінен Қайрат Сатыбалдыұлы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма деп сұрады.

"Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Себебі, бұл террорлық әрекет сынды ауыр қылмыс жасағандардан басқасының барлығына қолданылады", – деп жауап берді Әсет Шыңдалиев.

Еске сала кетейік, жақында сот Қайрат Сатыбалдыұлын Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша алты жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990063-bas-prokuratura-qairat-satybaldyulyna-qarsy-tagy-qandai-is-boiynsa-tergeu-zurip-zatqanyn-aitty/

pixel