Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан Ресейге әскери техниканың жөнелтіліп жатқаны туралы қауесетке Қорғаныс министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Елімізде өткен оқу-жаттығу жиыны
Елімізде өткен оқу-жаттығу жиыны. Фото: Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Әлеуметтік желіде әскери техниканың қозғалысы түсірілген видео тарады. Посттың сипаттамасына қарағанда ол екі ел президенттің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге бара жатқан әскери техника көрінеді. Алайда Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Аталған жазбаға Stopfake.kz порталының фактчекерлері назар аударды. Олар түсініктеме алу үшін еліміздің Қорғаныс министрлігіне жүгінді.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл қазақстандық техниканы Ресей Федерациясына жіберу барысы емес", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік өкілдері қазіргі уақытта Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары 2022 жылғы 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтетіні хабарланған болатын. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" қатысады.

"Осыған байланысты елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – деп қосты Қорғаныс министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990155-qazaqstannan-reseige-askeri-texnikanyn-zoneltilip-zatqany-turaly-qauesetke-qorganys-ministrligi-zauap-berdi/

pixel