jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Ұлттық Банк жаңа 20 мың теңгелік банкнотты айналымға шығарды

20 000 теңге
20 000 теңге. Фото: Ұлттық Банктің ресми сайты

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады. Ол 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Ұлттық Банктің ресми сайты.

Ұлттық Банктің хабарлауынша, банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған. Бет жағында көбіне тігінен орындалған бейнелер, сырт жағында көлденең орындалған бейнелер орналасқан. Дизайны номиналдың голографиялық бейнесі тігінен орналасқан металсыздандырылған жолақты қолдана отырып жасалған.

20 000 теңге
Фото: Ұлттық Банктің ресми сайты

"Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, мөлшері 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.

Бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, "Қазақ Елі" монументі, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Басқұр" қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті және тәуелсіздік жылдарын білдіретін "30" саны бейнеленген", - делінген хабарламада.

Банкноттың екінші бетінде Астананың және Ақорданың панорамалық көрінісі бейнеленген.

Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкнот өз құнына сай Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.

"Жаңа купюра "Қазақ Елі" сериясымен ұсынылған қазіргі таңда айналымда бар 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік номиналдағы банкноттардың қатарын толықтырады", - делінген ресми хабарламада.

Ұлттық Банк жаңа 20 мың теңгелік банкнотты айналымға шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.