Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев өз есімінің мағынасын түсіндірді

Опубликовано:

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаев. Фото: Facebook / Жигули Дайрабаев

Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев өз есімінің мағынасын түсіндірді. Саясаткер аты-жөнін мақтанышпен айтатынын мойындады.

Президенттікке кандидат Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында есімін марқұм әкесі қойғанын айтқан. Саясаткер атап өткендей, қазақтар арманшыл, мақсатшыл халық. Баласы болашақта "Жигули" тауындай үлкен азамат болсын деген ниетпен әкесі оған осындай есім берген.

"Құдайға шүкір, еңбегіммен және қызметіммен марқұм әкем қойған есімге сай екенімді дәлелдеп жүрмін деп ойлаймын. Тарихты білетіндер мұның "Жигули" тауының құрметіне қойылғанын түсінеді", - деді Дайрабаев.

Жигули таулары - Еділдің оң жағалауындағы Еділ жотасының бөлігі.

Еске сала кетейік, Жигули Дайрабаев өткен аптада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылды. Саясаткер – "Атамекен" ҰКП Төралқасының Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990863-prezidenttikke-kandidat-ziguli-dairabaev-oz-esiminin-magynasyn-tusindirdi/

pixel