"53 рет химиотерапия алды": 17 жасар оралдық дзюдошы Стамбулда өмір үшін күресіп жатыр (фото)
Жарияланған күні:
17 жасар оралдық дзюдошы Қалдыбай Нұрхат қазіргі уақытта Стамбул қаласында өмірі үшін күресіп жатыр. Лейкоз дертіне шалдыққан спортшының анасы қасиетті жұма күнінде көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Нұрхаттың анасының айтуынша, биылғы жылдың мамырында баласынан лейкоз (қанның қатерлі ісігі) анықтаған. Содан бері ол Стамбулдың Медипол ауруханасында 53 химиятерапия алған.
"Мен Қалдыбай Нұрхаттың анасымын. Балам аяқ астынан мамыр айында лейкозға (қанның қатерлі ісігі) шалдықты. Сол күннен бастап басымызға түскен жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қазіргі таңда Стамбул қаласындағы Медипол ауруханасында 53 химиотерапия алды", - деді спортшының анасы.
Жанаргүлдің айтуынша, Нұрхатқа қазан айында тағы үлкен ота жасалу керек. Ол отаға 63 млн теңге керек екен. Ал қазір спортшының отбасы тек қажетті соманың 4 млн теңгесін ғана жинаған.
"Баламның өмірін сақтай алмай қаламын деген қорқыныш жаныма тыныштық берер емес. Қазан айында баламды үлкен ота күтіп тұр. Нұрхаттың сүйек кемігін ауыстыру (трансплуатация косного мозга) керек. Оған қаражатымыз жеткізер емес. Отаға 63 млн теңге керек. Қазіргі таңда оның тек 4млн теңгесін жинадық. Баламның өмірін сақтауға көмек көрсетіңізші", - деді спортшының анасы.
Қалдыбай Нұрхат, 17 жаста
Диагноз: Лейкоз (қанның қатерлі ісігі)
Реквизит:
Kaspi: 4400 4301 7003 3721
Халық банк: 4405 6398 6375 4311
Жанаргүл. Т (анасы)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991568-17-zasar-oraldyq-dzyudosy-stambulda-omir-usin-kuresip-zatyr-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.