Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу жарияланды

Жарияланған күні:

Баспана
Баспана. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімдігі "Алматы жастары" жеңілдетілген несие беру бағдарламасына биыл негізгі байқау кезеңінде өтініш беріп, өтпей қалған қатысушылар арасында қосымша іріктеу жариялады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жолы бағдарламаға 2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана қатыса алады.

Әкімдік биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 1000 адамға қарыз беру қарастырылғанын, бүгінге дейін оның 863-і төлем қабілеттілігі бойынша мақұлданғанын атап өтті.

"Енді қалған 137 орынға бұрын құжат тапсырған 5225 қатысушы үміткер бола алады", - дейді қалалық әкімдік өкілдері.

Іріктеуге қатысу 2022 жылғы 10-14 қазан аралығында жүргізіледі. Ол үшін үміткер almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтініміне өзгеріс енгізіп, құжаттарды тізімге сәйкес жаңарту қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991569-almaty-zastary-bagdarlamasy-boiynsa-qosymsa-irikteu-bolady/