jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тұман мен жел: Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Тұман
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астана мен Қазақстанның бірнеше өңірінде желдің күшеюіне, шаңды дауылдарға, тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ақпарат "Қазгидромет" ресми сайтында жарияланды.

Астанада 9 қазан күні батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қазанда Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

9 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында да дәл солай.

9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

9 қазанда түнде Абай облысының оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с. Семей қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

9 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Түркістан қаласында күндіз кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

9 қазанда Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші түнде батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлегінде, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында таңертең және күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Тұман мен жел: Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.