jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматыда қазан айының ортасында сирень ағашы гүлдеді

Сирень
Сирень. Көрнекі фото: Pexels.com

Алматыда күздің ортасында сирень ағашы гүлдеді. Ерекше құбылысты оңтүстік астананың тұрғыны Ирина Исабекова суретке түсіріп алған. Ол суретті өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иринаның жазуынша, сирень ағашы Орбита шағын ауданындағы "Шахристан" тұрғын үй кешенінің ауласында гүлдеп тұр.

Айта кетейік, Алматыда сирень күзде бірінші рет гүлдеп тұрған жоқ. Мұндай құбылыс мегаполисте екі жыл бұрын, 2020 жылы байқалған болатын.

Ботаниктердің мәліметінше, сиреньнің кейбір сорттары қоңыр күзде жиі гүлдейтін көрінеді.

Сонымен қатар Procvetok.com сайтының жазуынша, сирень ағашының бірінші гүлдеуі мамырдың аяғы – маусымның басына тұспа-тұс келсе, ал екінші рет гүлдеуі тамызда болады.

Дегенмен, мамандар жаздың соңында сиреньнің гүлдеуі көктемдегідей жиі болмайтыны, бірақ қайта гүлдеген сирень аязға өте төзімді келетінін айтады.

Алматыда қазан айының ортасында сирень ағашы гүлдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.