Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самокат тебушілерге артылатын жауапкершілік көлік жүргізушілермен теңестірілмек

Опубликовано:

Самокат
Самокат. Көрнекі фото: pexels.com

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте самокатшылардың көлік жүргізушілерімен теңестірілетінін, ал жол ережелерін бұзған жағдайда оларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жандос Мұратәлиев биыл Сауда және интеграция министрлігі "электр самокаты" ұғымының стандартын әзірлеуді аяқтағанын мәлім етті.

"Осы стандарт негізінде "Жол қозғалысы туралы" заңға және жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгіземіз. Осыдан кейін әкімшілік шаралар қолданыла бастайды. Қазір олар (самокат тебушілер-ред.) көлік жүргізушісі емес, "Жол қозғалысының басқа қатысушылары" ретінде ғана жауапқа тартылады", - дейді спикер.

Мұратәлиевтің айтуынша, қазіргі "Жол қозғалысы туралы" заңда да, жол қозғалысы ережесінде де "электр самокаты" деген ұғым жоқ.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Жандос Мұратәлиев жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге де қатысты жаза қатаңдатылатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993243-samokat-tebusilerge-artylatyn-zauapkersilik-kolik-zurgizusilermen-tenestirilmek/

pixel