Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Кәрім Мәсімовтің ісі қай сатыда екенін хабарлады

Опубликовано:

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: Egemen.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс кулуарында ҰҚК-нің бұрынғы басшылығына, оның ішінде комитеттің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған іс туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері ҰҚК-нің бұрынғы басшылығына қатысты іс қай сатыда екенін сұрады.

"Тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті істің тергеліп жатқанын, қазір айыпталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын ресми түрде хабарлады. Мен бұған дейін таныстыру біраз уақыт алуы мүмкін екенін айтқанмын", – деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Алайда ол процестің қанша уақытқа созылатынын нақтыламады.

"Әр түрлі. Білмеймін, бұл адвокаттардың және айыпталушылардың белсенділігіне байланысты. Біз ешқандай шектеу қойған жоқпыз", – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін оның мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

25 тамызда ҰҚК агенттіктің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993413-bas-prokuratura-karim-masimovtin-isi-qai-satyda-ekenin-xabarlady/

pixel