Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелінің өткен өмірінен күмәнданған азамат жаңа туған баласына ДНҚ тест жасатты (видео)

Опубликовано:

Отбасы
Отбасы. Фото: pixabay.com

Баласының өзінікі екенінен күмәнданған қазақстандық азамат ДНҚ тест жасауға шешім қабылдаған. Ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бұл шешіміне әйелінің өткен өмірі себеп болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ер адамның айтуынша, сүйіктісі өзіне дейін бірнеше мәрте тұрмыста болған.

Астарлы ақиқат журналистерінің мәліметінше, келіншек бір жылдың ішінде төрт мәрте тұрмысқа шығып үлгерген. Оның бұрынғы енесі өгей анасы қызын ұзатып, қалың мал алуды кәсіпке айналдырғанын алға тартады. Алайда, әйелдің асырап алған анасы бұл айыптауларды барынша жоққа шығарды.

Асырап алған анасының айтуынша, ол қызын тым ерке өсірген. Қызы осы себепті жаңа отбасыдан қашып кете берген.

"Астарлық ақиқаттың" өткен эфирінде Мақсат есімді күйеуімен қол ұстасып кеткен келіншек кейіннен онымен айырылысып кеткен. Арада біраз уақыт өткенде ол төртінші күйеуі Біржан Сатаймен қосылған.

Бағдарлама мәліметінше, Біржан Сатай мен келіншек бүгінде қызды болып үлгерген. Олардың Амина есімді сегіз айлық нәрестесі бар.

Алайда отағасы (Біржан Сатай - ред) келіншегінің өткен өмірін ескере отырып, баласының өзінен екеніне күмәнданатынын жасырмады.

Сол себепті ол бағдарламаға қайта жүгініп, арнайы ДНҚ тест жасауды шешкен.

"Негізі 90 пайыз сенемін. Бірақ туысқандарым, бауырларым тарапынан сөздер келді. Дәлелдеу мақсатында келіп тұрмын. Негізі қызым өзіме ұқсайды. Барлығы солай айтады. Перзентханадан шыққанда ерекше сезімде болдым", - деді ол.

Нәтижесінде ерлі-зайыпты тест жасап, эфир барысында оның қорытындысын алды. Оған сәйкес, кішкентай Амина Біржан Сатайдың қызы екені толықтай расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993420-aielinin-otken-omirinen-kumandangan-azamat-zana-tugan-balasyna-dnq-test-zasatty-video/

pixel