Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңкілдеп жылаған": Ұлының асына мал алуға барып, ақшасын ұрлатқан ақсақалға базардағы халық ақша жинап берді (видео)

Жарияланған күні:

Үмітбек қария
Үмітбек қария. Фото: instagram.com/gulmir_ktk

Қырғызстандық 82 жастағы Үмітбек есімді қария ұлының асын өткізу үшін, базардан жылқы алуға барғанда ақшасын ұрылар қолды қылған. Еңкілдеп жылаған қарияға базардағы жұртшылық жоғалған ақшасын қайта жинап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл оқиға жайлы тележурналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялады.

Тележурналистің мәліметінше, Үмітбек ақсақалдың үш қызы бар. Ал ұлы осыдан екі жыл бұрын дерттен қайтыс болған. Қария ұлының асын өткізу үшін зейнетақысын жинап, Жаналыш ауылынан Тоқмақтың мал базарына жылқы алуға арнайы келген.

"Әлеуметтік желіден көрген видеоны парақшама жариялағаным сол еді, қырғызстандық оқырманым хабарласты. Үмітбек ақсақалдың жасы 82-де. Үш қыз, 1 ұлы бар. Жалғыз ұлы екі жыл бұрын жаман аурудан қайтыс болды. Содан бері зейнетақысын там-тұмдап жиып, 120 мың сомға жеткізді. Ақсақал Тоқмақтан 80 шақырым жердегі Жаналыш ауылында тұрады.

Тоқмақ қаласында қазақ-қырғызға әйгілі шекара маңындағы мал базары бар. Марқұм баласының асын беруге жылқы таңдап жүріп ұрыларға ұрынды. Ары қарай оқиға қалай өрбігенін бәріңіз білесіздер.

Тоқмақтың ұрылары тонап кетті. Тоқмақтың жігіттері еңкілдеп жылаған ақсақалға жылу жинап берді. Қырғыз полициясы "атамызды тонап кеткен ұрыны қайтсек те табамыз" деп бекініп отыр. Осындай мейірімге толы адами оқиға. Өмірде біреудің ала жібін аттамай адал жүргенге не жетсін", - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993534-enkildep-zylagan-ulynyn-asyna-mal-aluga-baryp-aqsasyn-urlatqan-aqsaqalga-bazarga-kelgen-kopsilik-qarazat-zinap-berdi-video/