Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым мен Жомарт есімді егіздер күтпеген жерден президенттен хат алды (фото)

Опубликовано:

Қасым мен Жомарт
Фото: mangystaumedia.kz

Ақтауда тұратын Қасым мен Жомарт есімді егіздер президенттен хат алды. Егіздердің әкесінің айтуынша, бұл отбасы үшін күтпеген тосын сый болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хатта 13 жастағы қос жеткіншекке ел үшін қызмет етер азамат болып, биік белестерді бағындыруды тілеген.

"Айналайын Қасым мен Жомарт, сендер туралы жақында хабардар болдым. Терең білім алып, үлкен дипломат болам деп алдарыңа биік мақсат қойыпсыңдар. Бұл – мемлекет мүддесі үшін аса қажет мамандық.

Мемлекетіміз, халқымыз үшін бар күшін салып қызмет ететін үлкен азамат болыңдар. Еліміздің келешегі – жастар. Сол үшін алғыр, ақылды, зерек, білімді болып өсіңдер. Өйткені бұл – зор жауапкершілік. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел иесі. Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықты кемел болады.

Зульфия әжелеріңнің, ата-аналарыңның, елдің үмітін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Өздеріңдей көп тіл білуді мақсат еткен, Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Әрдайым осындай белсенді, талапты болыңдар. Өмірде биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін!", - делінген хатта.

Ақордадан келген хат
Ақордадан келген хат. Фото: mangystaumedia.kz

Басылымның хабарлауынша, мемлекет басшысынан хат алған Қасым мен Жомарт қатты қуанған.

"Олар хатты қайта-қайта оқып, алған әсерін достарына айтып тауыса алмай жатыр. Президентіміздің берген батасы қабыл болсын", - дейді егіздердің әкесі Ерлан Мәуленов.

Еске сала кетейік, бұған дейін есімдері ел президентінің атымен аттас ақтаулық жасөспірімдер жайлы жазған едік. Қасым мен Жомарт болашақта дипломат болуды армандайды. Бүгінде олар бірнеше шет тілін меңгеріп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993630-kutpegen-tosyn-syi-qasym-men-zomart-esimdi-egizder-prezidentten-xat-aldy-foto/

pixel