Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық оқушы әлемнің 15 университетінен шақырту алды

Жарияланған күні:

Оқушы қыздар
Фото: Аtpress.kz

Атырау облысы Жылыой ауданының тумасы, болашақ нейрохирург Нұрсипат Нұрманбетова әлемдегі ең үздік университеттердің бірінде оқиды. Ол әлемнің 15 университетінен шақырту алған, деп хабарлайды Atyrau press.

Нұрсипат Абайқызы 2005 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Жылыой ауданы Далабай Жазықбаев атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің түлегі.

Ол қазір АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы әлем бойынша ең үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына кіретін Пейс университетінің нейрохирургия медицина факультетінде оқиды. Нұрсипатқа кампуста тегін тұруға арналған грант және 150 000 $ стипендия тағайындалған.

Оқушы кезінен көзге түскен Нұрсипат туралы "Ең үздік" журналында мақала жарияланып, "Дарындының дара жолы" кітабында өмірбаяндық деректері жазылған. Сонымен қатар, Нұрсипат БҰҰ Model Congress халықаралық конференциясына қатысып, "ХХІ ғасыр үздігінің моделі" атанған.

"Бүгінде әлеуметтік желілерде отандық медицина жиі сынға алынады. Әрине, еліміздегі медицина мәселелері әлі де өзекті, білікті мамандар тапшы. Бірақ барлығы дұрысталады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ мамандық ретінде осы саланы таңдадым.

Мен жақсы білім мен тәжірибе алу үшін шетелде оқуға шешім қабылдадым. Оқуым аяқталғасын туған жеріме ораламын. Болашақта жеке клиника ашып, дұрыс диагноз қоя алатын, сапалы ем жүргізе алатын білікті маман болғым келеді", – дейді Нұрсипат.

Нұрсипат шетелде алған білімі мен тәжірибесін туған жерге келіп жүзеге асыруды жоспарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993910-atyraulyq-nursipat-nurmanbetova-alemnin-15-universitetinen-saqyrtu-algan/