jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда Whatsapp желісінің жұмысында ақау байқалды

whatsapp
Смартфон. Көрнекі фото: pexels.com

Whatsapp мессенджерінде ақау шықты. Соңғы 24 сағат ішінде DownDetector қызметіне мессенджер жұмысына қатысты мыңдаған шағым түскен. Ақау туралы қазақстандық пайдаланушылар да хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

DownDetector сервисінің мәліметінше, пайдаланушылардың көпшілігі хабарлама жібере алмайтынын айтып, шағымдануда. Ал кейбірі қолданбаның жұмысында проблемалар бар екенін жазған.

Мессенджер жұмысындағы ақау туралы тек қазақстандықтар ғана емес, басқа елдердің, соның ішінде Ресей тұрғындары да айтуда.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ең көп шағым Германиядан (58,6 мың), Нидерландыдан (60,2 мың), Ұлыбританиядан (26,6 мың) және Италиядан (13,1 мың) келіп түскен. Сондай-ақ Франция, Испания, Швеция, Грециядан ақау туралы хабарламалар бар.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын қазақстандықтар Telegram, YouTube және Instagram жұмысындағы ақаулар туралы шағымданған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.