Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында күн райының суытуына байланысты жолдар жабылды

Опубликовано:

Автомобиль жолы
Көрнекі сурет: top-news.kz

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы автомобиль жолдары жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап.

Алдымен жүк көлігіне арналған "Рудный - Качары - Федоровка" тас жолы жабылған.

Кейін облыстық Төтенше жағдай департаменті тағы екі жолда қозғалыс тоқтағанын растады.

Атап айтар болсақ, "Қарасу-Үлкен Чураковка" және "Қойбағар - Қарасу - Севастопольский" тас жолдары күн райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды.

Еске сала кетейік, Қазгидромет еліміздің барлық аймағында күн суытқанын хабарлап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994487-qostanai-oblysynda-kun-raiynyn-suytuyna-bailanysty-zoldar-zabyldy/